Дональд Трамп алаяқтық жасады деп танылды

Нью-Йорк судьясы Дональд Трамп пен оның ұлдарын алаяқтық бойынша кінәлі деп таныды. Трамптар 10 жылға жуық уақыт жалған қаржылық есептер беріп келген. Отбасылық – Trump Organization компаниясының бизнес сертификаты тоқтатылатын болды. ҚазАқпарат бұл туралы CNN-ге сілтеме жасап хабарлайды.

дональд трамп
Фото: pixabay.com.

Судья Артур Энгоронның үкімі Нью-Йорк бас прокуратурасы мен АҚШ-тың бұрынғы президентіне қатысты азаматтық істің сотқа жолдануына бірнеше күн қалғанда шықты.

Энгорон бас прокурордың со үкімін жеңілдетілген тәртіпте шығару туралы өтінішін қанағаттандырып, Трамп, оның ұлдары және басқа тұлғалардың Нью-Йорк штатының заңын «жүйелі түрде бұзғаны үшін заңды жауапты» деп тапты.

Ол сондай-ақ Трамп отбасының несие берушілер мен сақтандырушыларға он жыл бойы берген қаржылық есептерінің жалған екенін анықтап, олардың талай рет алаяқтық жасағанын мәлім етті.

Бұл шешім қаржылық есептерде гольф алаңдары, қонақүйлер, Мар-а-Лаго және Севен- Спрингстегі үйлерінің құнын көтермегені туралы Дональд Трамптың мәлімдемелерін толығымен жоққа шығарды.

Бас прокурор Трамп отбасының 250 млн доллар көлемінде өтемақы төлеуін, Нью-Йоркте жоғары лауазымды қызметте жұмыс істеуіне және компанияға бес жыл бойы кәсіпкерлік қызметке қатысуға тыйым салу жазасын беруді талап етті.

Судья бұл іс бойынша жауапкер Трамп компанияларының, соның ішінде Trump Organization-тың бизнес сертификаттарын қайтарып алды және корпоративтік құрылымдарды «тарату» үшін қабылдаушы тағайындалатынын айтты. Сотқа Нью-Йорктегі жылжымайтын мүліктің екі нысаны қатысты: Уолл-стрит 40 мекенжайындағы коммерциялық мұнара және Трамп отбасының Севен-Спрингстегі кешені.

Соңғы жаңалықтар