Дональд Трамп: Гарвард – демократияға қауіп төндіреді

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың президенті Дональд Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде Гарвард университеті туралы мәлімдеме жасады. 

Гарвард
Фото: thecollegepost.com

Ол танымал оқу орнын антисемиттік және радикалды солшыл мекеме деп атады.

«Гарвард – антисемиттік, радикалды солшыл мекеме. Бұл жерге әлемнің түкпір-түкпірінен елді құртуға құмар жастар қабылданады. Бұл – либералды бейберекет орын. Мұнда есінен адасқан, жынды адамдар аудиторияға кіріп-шығып, жалған ашу мен жеккөрініш сезімін таратады. Бұл – шын мәнінде сұмдық! Біз сотқа арызданғаннан кейін ғана олар өздерін «нағыз америкалықтар» секілді көрсеткісі келеді, – деп жазды Трамп әлеуметтік желіде.

Оның айтуынша, Гарвард университеті – демократияға қауіп төндіретін мекеме.

Сондай-ақ, Трамп өз адвокатына қатысты да пікір білдірді.

- Мені қорғап жүрген адвокат бірден отставкаға кетуі немесе жұмыстан шығарылуы керек. Ол онша жақсы емес. Менің енді ұлдарым басқаратын, өте үлкен әрі әдемі компаниям одан тезірек құтылса екен деймін! – деп қорытындылады ол.

Еске салсақ, бұған дейін Трамп әкімшілігі Гарвардқа бөлінетін 2 млрд долларды тоқтатып, шетелдік студенттерді қабылдау құқығынан айырамыз деп ескерткен еді.

Кейін Гарвардқа бөлінетін тағы 1 млрд доллар қаржыны кері қайтару жоспары болған.

Осыған байланысты Гарвард университеті Трамп әкімшілігін сотқа берген.

Соңғы жаңалықтар