23:15, 01 Наурыз 2026 | GMT +5
Дональд Трамп Иранның тоғыз әскери кемесі жойылғанын мәлімдеді
АСТАНА. KAZINFORM — Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
— Маған Иранның тоғыз әскери кемесін жойып, суға батырғанымыз туралы хабарланды, олардың кейбіреулері салыстырмалы түрде маңызды болған, — деп жазды АҚШ президенті.

Трамптың айтуынша, америкалық әскери күштер Иран Әскери-теңіз күштерінің штаб-пәтеріне де елеулі зиян келтірген.
Бұған дейін Израиль қорғаныс армиясы Иран астанасына жаңа ауқымды әуе соққылары жасалғанын хабарлаған еді.