08:25, 09 Қазан 2025 | GMT +5
Дональд Трамп Израильге баруы мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM — Израиль келесі аптаның басында АҚШ президенті Дональд Трамптың сапарына дайындалып жатыр, деп хабарлайды Report.
— Трамптың өзі Таяу Шығысқа 11 немесе 12 қазан күні баруы мүмкін екенін мәлімдеді. Бірақ қай елге баратынын нақтыламады, — делінген ақпаратта.
Axios тілшісі Барак Равидтің пікірінше, Ақ үйдің иесі Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың шақыруымен еврей мемлекетінің парламенті — Кнессетте сөз сөйлеуге ниетті.
Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министріне өзінің Газа секторындағы соғысты тоқтату жоспарына келіскені үшін алғыс білдірген еді.