Дональд Трамп Қазақстанға келетінін айтты

АСТАНА. KAZINFORM - «Хабар 24» телеарнасының журналисі АҚШ президенті Дональд Трамптан Қазақстанға сапары жайлы сұрады.

Дональд Трамп
Фото: GLOBAL LOOK PRESS

– Президент мырза, Қазақстан жайлы пікіріңіз қандай? Орта Азияның осы еліне баратын жоспарыңыз бар ма? – деп сұрады журналист.

Дональд Трамп бұл сұраққа жауап берді.

– Баруым әбден мүмкін. Олармен әңгімеміз мазмұнды болды. Сәлем айтыңыз. Президентіңіз өте жақсы адам! Рақмет! – деді Дональд Трамп.

Айта кетейік, Трамп Google-ді қорғап, Еуроодаққа жауапты шаралар қолданатынын мәлімдеді.

 

Соңғы жаңалықтар