Дональд Трамп Қытай тауарларына баж салығын 20 пайызға дейін көтерді

АСТАНА. KAZINFORM — Ақ үй Қытай жоғары тарифтерге тап болатынын жариялап, бұл шешімнің басты себебі ретінде АҚШ-та жалғасып жатқан фентанил дағдарысын алға тартты, деп хабарлайды Fox News

Дональд Трамп Қытай тауарларына баж салығын 20 пайызға дейін көтерді
Фото: Джим Аллен /FreightWaves

Қытайға бастапқыда небәрі 10% көлемінде белгіленген тарифтер сейсенбіде күшіне енеді. Дүйсенбіде АҚШ президенті Дональд Трамп өз жарлығында Қытай үкіметі «Қытай Халық Республикасынан Құрама Штаттарға әдеттен тыс және ерекше қауіп төндіретін синтетикалық опиоидтердің, соның ішінде фентанилдің тұрақты ағынын тежеу үшін шаралар қабылдамағанын» мәлімдеді. 

Трамп сонымен қатар дағдарыс «Құрама Штаттардың ұлттық қауіпсіздігіне, сыртқы саясаты мен экономикасына» қатер төндіретінін айтты. 

— ҚХР есірткінің заңсыз айналымы дағдарысын жеңілдету үшін тиісті шараларды қабылдамау фактісі мойындай отырып, Президенттің 14195-ші Жарлығының 2(а) бөліміне «10 пайыз» деген сөздерді алып тастап, оның орнына «20 пайыз» деген сөздермен толықтырылсын, — делінген құжатта.

Трамп әкімшілігі қазірдің өзінде канадалық және мексикалық тауарларға 25% баж салығын енгізіп жатыр, ол да сейсенбіде күшіне енеді.

Қытай үкіметі тариф туралы жарияланғаннан бері оларға қарсылық білдірді. Қытай Сыртқы істер министрлігінің 1 ақпанда жасаған мәлімдемесінде Қытай «саясат жағынан да, іске асыру жағынан да есірткіге қарсы күресте әлемдегі ең қатал елдердің бірі» екенін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Трамп Украинаға барлық әскери көмекті тоқтатуға бұйрық бергенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар