«Доңға» жобасындағы жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасы бес жылдық кезеңге бекітілді

АСТАНА. KAZINFORM –  Бағдарламада сатып алу қызметінің тиімді құралдары мен тетіктері қарастырылған, олар қазақстандық өндірушілерді ынталандыру мен қолдауға, инвестиция алмасу негізінде ұзақ мерзімді шарттар мен келісімшарттар жасасуға бағытталған. Бұл туралы 

«Доңға» жобасындағы жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасы бес жылдық кезеңге бекітілді
Фото: Энергетика министрлігі

Ірі мұнай-газ жобаларында ел ішіндегі құндылықты дамыту және отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Энергетика министрлігі «Доңға» жобасындағы Уәкілетті органның функцияларын орындайтын «PSA» ЖШС-мен бірлесіп, аталған жоба шеңберінде жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді реттелетін сатып алуда ел ішіндегі құндылық үлесін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – «Доңға» жобасы бойынша тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасының бес жылдық мерзімге бекітілуі болды. Бағдарлама жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша нақты нысаналы көрсеткіштерді көздейді.

Бағдарламада сатып алу қызметінің тиімді құралдары мен тетіктері қарастырылған, олар қазақстандық өндірушілерді ынталандыру мен қолдауға, инвестиция алмасу негізінде ұзақ мерзімді шарттар мен келісімшарттар жасасуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тауар өндірісін оқшаулауды ынталандыруға бағытталған. 

Соңғы жаңалықтар