Дөңгелегінің шинасы жоқ автошабандоз «Жібек жолы» жарысында екінші орын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чехиялық Tatra  командасының автошабандозы Мартин Коломы 2017 жылғы «Жібек жолы» раллиі марафонының оныншы кезеңіндегі  жүк көліктерінің жарысында сол жақтағы артқы дөңгелектің шинасы жоқ бола тұра, жылдамдығын бәсеңдетпеді.

Дөңгелегінің шинасы жоқ автошабандоз «Жібек жолы» жарысында екінші орын алды

Көлігінің бұзылғандығына қарамастан, шамамен 50 км жүріп өткен Коломы  мәре сызығынан алғашқылардың бірі болып өтті, деп  хабарлайды «Р-Спорт». Ресейлік «КамАЗ-Мастер» командасының автошабандозы Эдуард Николаевтың экипажына жол берген чехиялық  бұл кезеңде екінші орынға ие болды.

Он кезеңнің нәтижесінде жүк көліктерінің жалпы жарысы бойынша Коломы төртінші орында келе жатыр, ал көш басында «КамАз-Мастер» командасының басқа автошабандозы Дмитрий Сотников тұр.

Ұзақтығы 9599 километрді құрайтын «Жібек жолы» ралли-рейді Ресей, Қазақстан және Қытай аумақтарынан өтеді. Жарыс жетінші рет ұйымдастырылып отыр.

Спортшылар 22 шілде күні Қытайдың Сиань қаласында мәреге жетеді.