Допинг қолданған өзбекстандық Олимпиада чемпионы бокстан үш жылға шеттетілді

АСТАНА. KAZINFORM — Бокстан өзбекстандық Олимпиада чемпионы Лазизбек Муллажоновтың допинг қолданғаны анықталды.

Допинг қолданған өзбекстандық олимпиада чемпионы бокстан үш жылға шеттетілді
Фото: olympic.uz

Халықаралық допинг тестілеу агенттігі (ITA) таратқан мәліметке қарағанда, 26 жастағы өзбекстандық боксшы допинг салдарынан үш жылға спорттан шеттетілді.

Муллажоновтан 2025 жылғы 11 маусымда алынған сынамадан тыйым салынған метастерон табылған. Өзбекстан өкілі өз кінәсін мойындағандықтан, спорттан шеттету мерзімі 4 жылдан 3 жылға қысқартылған.

Л.Муллажонов – 2022 жылғы Азия чемпионы, 2023 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері. Ол 2024 жылы Париж олимпиадасында 92 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз атанды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қытай чемпионатында 4 қазақ боксшысы жүлдегер атанғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар