«Допинг» жедел алдын алу шарасы барысында Жезқазған кәсіпорнында 17 тоннадан астам күкірт қышқылы тәркіленді

ҚАРАҒАНДЫ. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Жезқазған қаласында полицейлер «Допинг» жедел алдын алу шарасын жүргізу барысында кәсіпорындардың бірінен 17 тоннадан астам күкірт қышқылын тәркіледі, деп хабарланды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

«20 ақпанда «Допинг» жедел алдын алу шарасын жүргізу барысында Жезқазған қаласы ІІБ есірткі бизнесімен күрес бөлімінің қызметкерлері ЖШС-нің бірінде 17 тоннадан астам күкірт қышқылын тәркіледі. Анықталғандай, аталмыш ЖСШ-да прекурсорлардың айналымы саласында мемлекеттік лицензияның мерзімі аяқталған», - делінген хабарламада.

Химия цехінің басшысына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 357-1 бабы бойынша әкімшілік хаттама рәсімделді. «Іс әкімшілік сотқа жіберілді. Цехтің басшысы 100-ден 200-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшері көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін», - делінген хабарламада.

Полициядан алынған ақпаратқа қарағанда, аталмыш шара барысында Шахтинск қаласында ЖШС-нің бірінде 345 келі күкірт қышқылы жетіспейтіні анықталды. Қарағандыда АҚ-ның химиялық зертханасының меңгерушісі күкірт қышқылына мүлдем есеп жүргізбеген. Бұл ұйымдардың басшылары жауапкершілікке тартылатын болады.

Республикалық «Допинг» жедел алдын алу шарасы 18-22 ақпан аралығында өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар