Допты хоккей: «Ақжайық» сырт айдында ірі есеппен ұтылып қалды

ОРАЛ. KAZINFORM – Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» Ульяновск қаласында жергілікті «Волга-Черемшан» командасымен кездесті.

допты хоккей
Фото: prosports.kz

Екінші топта көш бастап келе жатқан оралдықтар бұл жолы қарсыласына 5:11 есебімен есе жіберді.

«Ақжайықтан» ресейлік Максим Пахомов пен Ершат Амангелдиев қос-қос голдан соқса, команда капитаны Максим Өтебалиев те айдыннан құр кетпеді. Бірақ айдын иелерінің қарқынын тежеу мүмкін болмады.

Сенбі күні қос клуб екінші кездесуін өткізеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын допты хоккейден «Ақжайықтың» өз тобында жеке-дара көш бастағанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар