Допты хоккей: «Ақжайық» тартысты матчта қарсыласына есе жіберді

ОРАЛ. KAZINFORM – Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» Ульяновск қаласында жергілікті «Волга-Черемшан» командасымен екінші кездесуін өткізді.

ақжайық
Фото: "Ақжайық" спорт клубы

Бірінші таймда тең есеп тіркелді – 3:3.

Екінші кезеңде айдын иелері қатарынан төрт гол соғып, 7:3 есебімен алға кетті. Бұдан кейін оралдықтар үш доп енгізгенімен, одан әріге шамасы жетпеді – 6:7.

«Ақжайықтан» ресейлік сұрмерген Максим Пахомов хет-триктің авторы атанса, Ершат Амангелдиев, Максим Өтебалиев, Артем Лапшин бір-бірден көзге түсті.

Николай Шавалдиннің шәкірттері келесі матчтарын 30-31 қаңтарда Оралда «Никельщик» (Верхний Уфалей) командасымен өткізеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» сырт айдында ірі есеппен ұтылып қалғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар