Допты хоккей: «Ақжайық» Ульяновскіде «Волга-Черемшан» командасын жеңді

ОРАЛ. KAZINFORM - Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайық» командасы Ульяновск қаласында «Волга-Черемшан» командасымен айдынға шықты.

допты хоккей
Фото: sc_akzhayik_07

Есепті жергілікті команда ашқанымен, оралдықтар ойын тізгінін өз қолына алып, ірі есеппен жеңіске жетті. Қорытынды есеп — 9:3.

«Ақжайықтан» команда капитаны Максим Өтебалиев хет-триктің авторы атанды. Максим Пахомов пен Рауан Исалиев екі-екіден мергендік танытса, Артем Лапшин, Нұрбол Бөкешов қарсылас қақпасына бір-бірден доп енгізді.

Осылайша, екінші топта көш бастап келе жатқан Николай Шавалдиннің шәкірттері ұпай санын 66-ға жеткізді.

Ертең қос клуб екінші ойынын өткізеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» сырт айдында тағы бір ірі жеңіске қол жеткізгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар