Допты хоккей: Финалдық турнирде «Ақжайық» ірі есеппен жеңілді

ОРАЛ. KAZINFORM — Ресейдің Кемерово қаласында допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыстың финалдық турнирінде Оралдың «Ақжайығы» екінші кездесуін өткізді.

Допты хоккей: Финалдық турнирде «Ақжайық» ірі есеппен жеңілді
Фото: sc_akzhayik_07

Бұл жолы Николай Шавалдиннің шәкірттері «Сибсельмаш-2» (Новосібір) командасымен айдынға шығып, кім мықтыны анықтады. 

Бұл матчта новосібірлік бенди шеберлерінің басымдылығы айқын байқалды. Олар бірінші таймда-ақ 7:0 есебімен алға кетті. Қорытынды есеп — 13:2.

«Ақжайықтан» Нұрбол Бөкешов пен Максим Пахомов гол соғып, көзге түсті. 

Оралдық клуб енді 27 наурызда «Строитель» (Сыктывкар) командасымен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» финалдық кезеңді тең ойынмен бастағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар