Допты хоккейден «Ақжайық» қазандық команданы екінші рет ұтты

Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» «Ак Барс-Динамо-2» (Қазан) командасымен өткен екінші кездесуінде де жеңіске жетті, деп хабарлайды Kazinform.

допты хоккей
Фото: "Ақжайық" спорт клубы

Ойынның 6-минутында Ершат Амангелдиев мергендігімен көзге түсіп, командасын есепте алға шығарды. Ресейлік шабуылшы Максим Пахомов 34 және 71-минутта гол салды. Өткен жолғы кездесуде хет-триктің авторы атанған Артем Лапшин бұл жолы да алаңнан құр кетпеді. Ол 49 және 52-минутта дубль авторы атанды. 

«Ақжайық» командасына қарсылас клубтың сапынан екінші таймда Айрат Хаймурзин (67-минут) мен Сергей Куликовский (88-минут) гол соғып, есеп айырмасын 5:2-ге  қысқартты. 

Екі ойыннан кейін 6 ұпай жинаған оралдық клуб екінші топта әзірге 6-орында келеді. Енді Николай Шавалдиннің шәкірттері 24-25 желтоқсанда Орынборда «Локомотивпен» кездеседі. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын допты хоккейден «Ақжайықтың» жаңа маусымды жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар