15:00, 23 Қараша 2015 | GMT +5
Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» жаңа маусымдағы беташар кездесуін Верхний Уфалейде өткізеді
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Допты хоккейден Ресей біріншілігінің жоғары лигасында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» жаңа маусымдағы беташар кездесулерін 24-25 қарашада Верхний Уфалейде жергілікті «Никельщик» командасымен өткізеді.

Ресей допты хоккей федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, «Ақжайық» екінші топта сондай-ақ «Локомотив» (Орынбор), «Универсал» (Саратов), «Знамя-Удмуртия» (Воткинск), «Маяк» (Краснотурьинск), «СКА-Свердловск» (Екатеринбург) және «Динамо-Қазан-2» (Қазан) командаларымен сынға түседі.
Бұрынғыша Дмитрий Иванников жаттықтыратын оралдық команда құрамында пәлендей өзгеріс жоқ. Ресейлік шабуылшылар Сергей Башаев пен Максим Пьяновтан басқаларының бәрі де - жергілікті допты хоккей түлектері.
Айта кетейік, әр жылдары «Орал», «Геолог», «Уралец», «Казақгаз», «Орда», «Қарашығанақ - АГС» деп аталған «Ақжайық» допты хоккей командасының құрылғанына алдағы жылы 40 жыл толады.