18:22, 11 Наурыз 2009 | GMT +5
Допты хоккейден Оралдың «Ақжайығы» бірінші лига командалары арасында жүлдегерлер қатарынан көрінді
ОРАЛ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Допты хоккейден Ресей чемпионаты бірінші лига командалары арасында Богданович қаласында (Свердлов облысы) финалдық турнир мәреге жетті.
«Ақжайық» спорт клубынан ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, төрт ойынында жеңіске жетіп, бір рет тең ойнаған оралдықтар жалғыз ғана матчта жеңіліс тауып, жарыс қорытындысында айдын иелері «Факелмен» бірдей 13 ұпайдан жинады. Алайда оралдық команда үшінші орынға тұрақтады. Жоғары топқа берілер жолдаманы «Боровичи» клубы (14 ұпай) жеңіп алды.
«Ақжайық» осымен қола жүлдені үшінші рет иеленіп отыр. Мамандардың пікіріне қарағанда, «Ақжайықтың» жоғары топта ойнауға мүмкіндігі де бар. Әйтсе де Оралда жасанды мұз айдынының жоқтығы бәріне қолбайлау болып келеді.