«Достары» ер адамды шешіндіріп, ұрып-соғып, көпірдің астында қалдырып кетті - Жамбыл облысындағы оқиға

ТАРАЗ. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Спорттық киім мен 25 мың теңге тонау мен ұрып-соғуға себеп болды, соның салдарынан адам қайтыс бола жаздады, деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

«8 сәуір күні таңертең Тұрар Рысқұлов аудандық ауруханасының хирургиялық бөліміне жабық бас сүйек-ми зақымы, бас миының шайқалуымен, бастың көптеген жарақаттарымен Тараз қаласының 31 жастағы тұрғыны келіп түсті», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тексеру барысында ер адамның өзінің үш танысының ашкөздігінің құрбаны болғаны анықталды. Олар 7 сәуір күні Тұрар Рысқұлов ауданының Луговая стансысында ер адамды ұрып-соғып, 25 мың теңгесін алып, 28 мың теңге тұратын спорттық киімін шешіп алып кетті. Шешіндірілген күйде ес-түссіз жатқан оны көпір астында қалдырған.

Рысқұлов АІІБ-нің қызметкерлері қылмыскерлердің орналасу жерін анықтап, қолға түсірді. Олар кінәларын мойындау түсініктерін берді.

ҚР ҚК-нің 178 бабының 2 бөлімі (бір топ адамның алдын-ала келісушілігімен жасалған жәбірленушінің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті емес зорлық көрсетумен тонаушылық жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталғандар 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жәбірленген азамат емдеу курстарын алып жатыр, деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар