Достастық елдері ТМД-ның Лаңкестікке қарсы орталығының ролін күшейтуді қолдап отыр

САНКТ-ПЕТЕРБОР.  Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Минскіде   Достастық елдерінің Сыртқы  істер   министрліктері арасында  өткен  консультацияда БҰҰ  Қауіпсіздік  Кеңесінің   Лаңкестікке    қарсы комитетімен  ынтымақтастықты   арттыру,   жаһандық    лаңкестікке  қарсы стратегияны  біртіндеп жүзеге асыру,     әмбебап    лаңкестікке  қарсы    конвенция  нормаларын жүзеге асыру  туралы ой-пікірлер  айтылды.
None
None

ҚазАқпарат тілшісіне  ТМД Атқару  комитетінен   хабарлағанындай,    кезекті консультацияға  ТМД елдерінің   жаңа  ығыттармен, атап айтқанда:   лаңкестікпен,  ұйымдасқан қылмыспен және есірткі    қатерімен  күрестегі    ынтымақтастығы  арқау    болды.

Консультацияға    Армения,  Беларус,   Қазақстан,  Қырғызстан,   Молдова (байқаушы  ретінде),  Ресей,  Тәжікстан,   Өзбекстан, Украина елдерінің  өкілдері,   ТМД-ның  Қауіпсіздік  органдары  мен  арнаулы қызметтері басшылары  кеңесінің,     Шекара   қызметтері   қолбасшылары  кеңесі  мен  Атқарушы  комитетінің   өкілдері  қатысты.

Консультация  барысында    сыртқы саясат  ведомстволарының  өкілдері   жаңа ығыттар  мен  қатерлерге  қарсы күресу  проблемалары  бойынша пікір  алмасты. Достастық  елдерінің      БҰҰ,  ҰҚШҰ,  ШЫҰ  сияқты  халықаралық   және     аймақтық    ұйымдардың аясындағы лаңкестікпен,   есірткі  қатерімен,  ұйымдасқан қылмыспен  күрес мәселелері    талқыланды.

Консультацияға  қатысушылардың   көпшілігі ТМД-ның Лаңкестікке  қарсы  орталығының  ролін  күшейтуді  қолдады.

Соңғы жаңалықтар