14:21, 20 Ақпан 2009 | GMT +5
Достастық елдерінің қоғамдық жастар ұйымдарының көшбасшылары үшін халықаралық лагерь ұйымдастырылады
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Достастық елдерінде өтіп жатқан биылғы Жастар жылы аясында, мамыр-маусым айларында ТМД-ның қоғамдық жастар ұйымдарының көшбасшыларына арналған халықаралық лагерь өткізу жоспарлануда.
ҚазАқпарат тілшісіне ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, жас лидерлердің съезі Беларус жеріндегі «Зубренок» ұлттық балалар сауықтыру лагерінің базасында өтетін болады. Бағдарлама жобасына Достастықтың Атқарушы комитеті басшылығымен, жастармен жұмыс жөніндегі ұлттық мемлекеттік құрылымдардың басшыларымен, танымал саясаткерлермен, ғалымдармен кездесулер енгізіліп отыр. Жаттықтыру ретінде Достастық елдерінен тәжірибелі мамандар шақырылмақ.