10:51, 14 Наурыз 2013 | GMT +5
Достық кеден бекетінде аса ірі көлемде контрабандалық тауар ұсталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. 14 наурыз. ҚазАқпарат - «Достық» кеден бекетінің қызметкерлері Қытайдан Алматыға бет алған контейнерді тексеру кезінде тауармен қоса жіберілетін құжатта көрсетілмеген тауарлардың 74 түрін анықтады.

Контрабандалық тауардың кедендік құны 9 003 763 теңгеге бағаланды. Мемлекетке келтірілген шығын сомасы 1 830 885 теңгені құрады.
«Достық» кеденінің контрабандаға қарсы күрес бөлімінің бастығы Рустам Шәкіровтың хабарлауынша, аталған фактімен 2013 жылдың 7 наурызында «Достық» кеденінің ККБ «аса ірі көлемдегі экономикалық контрабанда» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.