Досынан көмек сұраған ер адам суға кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтаудағы 15-шағын аудан жағалауында ер адам өзінің жолдасы мен басқа демалушылардың көз алдында суған ағып кетті, деп хабарлайды tumba.kz.
None
None

Қайғылы жағдай 6 тамыз кешкі сағат 5-терде болған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, суға кеткен ер адам Ақтауға қонаққа келген Ресей азаматы.

Оқиға куәгерінің сөзіне қарағанда, суға кеткен ер адам жағада тұрған жолдасынан көмек сұраған. Алайда жолдасы оны қалжың деп түсінген.

«Ол суға кетіп барамын деп айқайлады, бәрі қас пен көздің арасында  болды. Ол жағаға жақын жерде жүрген болатын», - деді оқиға куәгері.

Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем жетті. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар