Dr.dk: «11 жыл бұрынғыдай бойшаңдық жағынан даттықтар қазақтардан бір саты жоғары тұрады деп айта алмаймыз»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Dr.dk порталы 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі командаларының ойыны алдында Дания мен Қазақстан футбол құрамаларының антрометрикалық деректерін салыстырды, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

«2005 жылы сол кездегі Дания құрамасының жаттықтырушысы Мортен Ольсен, қазақтар бойшаңдық жағынан шынында да әлжуаздау болды.  Даттықтар бой ұзындығын артықшылықпен пайдалана білді:  Жаттықтырушы құрамаға бойы 190 сантиметр Форвард Петер Мёллерді бекерге шақырған жоқ  - ол екі доп соғып үлгерді. Даниялықтар 3:0 есебімен жеңді. Бірақ қазір жағдай басқаша: бойшаңдықпен даттықтар жеңіске жете алмайды. Егер 2005 жылы қазақ футболшыларының орташа бойы 179 см болса, ал қазір 183 см. Даттық ойыншылардың бойшаңдығы керісінше: бұрын   184,8 см болса, қазіргі - 183,3 см», деп жазады басылым.

Дания - Қазақстан матчы астана уақыты бойынша 01:45 басталады.  

Соңғы жаңалықтар