Дрон көмегімен төбедегі шам ауыстырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - YouTube желісінде дрон көмегімен электр шамды айырбастауға қатысты видео жарияланды.

Дрон көмегімен төбедегі шам ауыстырылды

Бейнероликте Марек Бачинский лампаны айырбастау үшін біршама әуреленгенін көрге болады.

Бірнеше сәтсіздіктен кейін қашықтан басқарылатын ұшу аппараты шамды бұрап алып, орнынан жаңасын орнатуға мүмкіндік берді.