ДСМ Фармация комитетінің басшысы мен оның қол астындағылар пара алғаны үшін ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жемқорлыққа қарсы қызмет жүйелі түрде пара алып, фармкомпаниялардың мүдделеріне лобби жасағаны үшін Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің лауазымды тұлғалары және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері ұсталды. Бұл жайлы Жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі ұлттық бюроның баспасөз қызметі хабарлайды.
None
None

Ұлттық бюро мәліметінше, 3 шілде күні жемқорлыққа қарсы қызмет жалпы сомасы 10 млн теңге көлемінде бірнеше рет пара алғаны үшін Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Л.Ю.Пакты, Павлодар облысы бойынша фармация департаментінің басшысы З.Ш.Қажинованы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша фармация комитетінің бас маманы П.Т.Имамхожаевты, Фармация комитетінің бас сарапшысы Д.К.Ибраевты ұстады.

«Жоғарыда аталған тұлғалар заңсыз сыйақыларды тиісті өндірістік және дистрибьюторлық тәжірибе сертификаттарын бергені үшін алған. Сонымен қатар, «Зерде» ЖШС-ның атқарушы директоры Э.М.Жүзбаева пара бергені үшін ұсталды.

Бұдан өзге, аты аталған тұлғалар пара алумен қоса, кепілдендірілген көлемдегі тегін медициналық көмек аясында сатылып алынған медициналық дәрі-дәрмектердің бағасын арттыру жолымен бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктелініп отыр», - делінген хабарламада.

Сот санкциясымен Пак, Қажинова, Имамхожаев және Жүзбаева қамауға алынды, ал Ибраева - үй қамауына алынды. 

Соңғы жаңалықтар