ДСМ: Инсульттан өлім-жітім көрсеткіші 25%-ға азайды
АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде инфаркттан болатын өлім 3,2%-ға, инсульттан болатын өлім — 25%-ға төмендеді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстанда кардиологиялық қызметтің дамуы инфаркттан болатын өлімді төмендетуге және инсульт кезінде стационарлық өлімді айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді.
— Қазақстанда инсультке арналған 85 орталық және 82 коронарография бөлімшесі жұмыс істейді. Жүрекке жасалатын жоғары технологиялық операциялардың саны арттырылды. Бұл инфаркттан болатын өлімді 3,2%-ға, ал инсульттан болатын стационарлық өлімді 25%-ға төмендетуге мүмкіндік берді, — делінген хабарламада.
Ми қан айналымы бұзылыстарының (инсульттердің) профилактикасы мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде 50 жастан асқан ер адамдардың арасында 2 жылда 1 рет брахиоцефалиялық тамырлардың ультрадыбыстық зерттеуін жүргізу арқылы скрининг енгізді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан инфекциялық емес аурулардан болатын өлімді 25%-ға төмендету көрсеткішіне қол жеткізген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңіріндегі алғашқы он елдің қатарына кірді.
Осыдан бұрын қазақстандықтарға кардиология мен онкологиядағы терапияның жаңа әдістері қолжетімді болатынын жаздық.