ДСҰ аясында шағын бизнес біршама оң нәтижелерге ие болуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Экспорт бойынша үлесінің аздығына қарамастан, Қазақстанның шағын және орта бизнесі ДСҰ аясында көптеген оң нәтижелерге ие болуы мүмкін.
None
None

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде отандық бизнесті дамыту мен қолдау тақырыбы бойынша өткен брифингте «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры Ғабит Лесбеков осындай пікір білдірді.

Басқарушы директордың сөзіне қарағанда, қоғамда ДСҰ-ға енгеннен шағын және орта кәсіпкерлік құрдымға кетеді деген пессимистік көзқарас болмауы тиіс.

«Әрине, бұл ретте экспорттаушы кәсіпорындардың басымдықта болатыны анық. Өйткені, олар үшін халықаралық сауда аренасында өздерінің тауарларын кедергісіз шығарып, халықаралық соттар мен құқық қорғау ұйымдары арқылы ережелерге жүгіне отырып, өздерінің мүмкіндіктерін арттыруға болады. Сосын енді бизнесті құрып, оны жүргізу де ашық бола түседі. Сонымен қатар, еліміздегі шағын және орта бизнес сараланған секторда шетелдік инвесторлардың келуі күтіледі», - деп атап өтті Ғабит Лесбеков.

Оның сөзіне қарағанда, шағын бизнес үшін ДСҰ-ның өзіндік оң нәтижелері баршылық.

«Әрине, өкінішке қарай қазақстандық бизнестің экспорты соншалықты көп емес, алайда мұндай ауқымды нарықтың ашылуы арқасында отандық бизнес рыноктың мейлінше кең екенін сезініп, бәсекелестіктің қандай болатынын анық байқай алатын болады. Бұл бір жағынан бизнестің шыңдалуына де сеп болмақ», - деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар