ДСҰ-ға кіргеннен кейін Қазақстанға нарықтық экономикасы бар ел мәртебесі берілуі мүмкін - Ж.Айтжанова (ФОТО)

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабаралуынша, шара барысында еліміздің сыртқы істер вице-министрі Алексей Волков 2015 жылдың 15-18 желтоқсан күндері Найробиде өтетін 10-шы министрлер кездесуінде Қазақстанның ДСҰ-ға толыққанды құқығы бар мүшесі ретінде қатысатындығын атап өтті. Оның пайымынша, бұл сапалы деңгейдегі сауда және инвестиция саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын біздің еліміздің әлемдік қоғамдастықпен барынша терең интеграциялануына, оның экономиканы реттеудегі ашық режіміне кірігуге септігін тигізіп, экономикамыздың дамуына тың серпін береді.
Миинстрдің орынбасары ДСҰ-ның жекелеген бағыттары бойынша халықаралық сауда құқығы мәселелері және техникалық мамандар дайындау мәселесіне баса назар аударып, мүшеліктің бастапқы кезеңінде бұл мәселеге ДСҰ елдері өкілдерінің көмектесуін өтінді.
«Бұл салалардағы мамандардың сапалы деңгейін дайындау нәтижесі бәсекеге қабілетілік және инвестиция құйылуы мен бизнес жүргізу үшін ортаның болжамдығы бөлігіндегі Қазақстан рейтингісінің көтерілуі болмақ», - деді А.Волков.
Сонымен қатар ол Еуропалық одақтың шетел істері жөніндегі жоғары өкілі Федерики Могеринидің ағымдағы жылдың желтоқсан айында елімізге сапары аясында ҚР мен ЕО арасындағы серіктестік пен ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімге қол қою жоспарланып отырғанын және оның ЕО-мен өзара іс-қимылды жаңа деңгейге көтеретіндігін атап өтті.
«Аталған келісім іске қосылғаннан кейінгі ЕО-мен ынтымақтастықты дамытудың басымдықты міндеті біздер үшін визалық режімді жеңілдету болмақ», - деді А.Волков.
Министр Ж.Айтжанова өз сөзінде Қазақстанның ДСҰ-ға кіру шарттары және еліміз ұйымға кіргеннен кейін шетелдік инвесторлар үшін ашылатын мүмкіншіліктер туралы кеңінен айтып берді.
Сонымен қатар ол Қазақстанға нарықтық экономикасы бар ел мәртебесі берілуі мүмкін екендігін мәлім етті.
«Қаржылық қызметтерге қатысты біз шетелдік банктер мен сақтандыру компанияларына ҚР ДСҰ-ға кіргеннен кейін 5 жылдың ішінде банктер үшін де, сақтандыру компаниялары үшін де тікелей филиалдар ашу мүмкіндігін береміз», - деді министр.
Сондай-ақ Ж.Айтжанова көлік, энергетика, телекоммуникация, қаржы және сауда сынды экономиканың басты секторларын ырықтандыру жайында да айтты.