ДСҰ-ға мүше мемлекеттер Қазақстанды Шығыс пен Батыс арасындағы көпір ретінде қарастырады - Ч.Осакве

ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше мемлекеттер Қазақстанды Шығыс пен Батыс арасындағы көпір ретінде қарастырады. Бұл туралы бүгін қазақстандық БАҚ өкілдеріне шағын сұхбат берген Дүниежүзілік сауда ұйымы Мүшелікке қабылдау жөніндегі департаментінің директоры Чиеду Осакве айтты.
None
None

«Сіздердің Президенттеріңіз өте көреген адам әрі мемлекеттеріңіз үшін өте жақсы бастамалары бар. Осы ретте айта кетерлігі, Қазақстан - стратегиялық тұрғыда өте маңызды мемлекет. Тіпті, керек десеңіз, сіздердің елдеріңіз Орталық Азиядағы ең ықпалды мемлекет екендігі анық. Сондықтан да ДСҰ-ға мүше мемлекеттердің басым бөлігі Қазақстанды Шығыс пен Батыс арасындағы көпір ретінде қарастырады. Бұл нақты бір деңгейде жауапкершілік жүктейді әрі сіздердің елдеріңізге айрықша назар аудартатындығы сөзсіз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар