ДСҰ нормаларына сәйкестендірілген келісім мақұлданды - Мәжіліс

демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.
Құжат келісімнің кейбір ережелерін Дүниежүзілік сауда ұйымының нормаларына және Кеден одағының нормативтік құқықтық базасына сәйкес келтіреді. «Қазақстанның ДСҰ-ға кіру үдерісінің аяқталу кезеңінде, сонымен қатар Кеден одағының нормативтік құқықтық базасын қоса алғанда ұлттық заңнаманы осы Ұйымның нормаларына сәйкестендіру маңызды саналады. Соған қоса, Ресей ағымдағы жылдың тамызынан бастап ДСҰ-ға енгені белгілі. Ал жалпы өзгерістерге келетін болсақ, біріншіден келісімнің түсіндіру бөлімі өзгертіледі. Екіншіден, ЕурАзЭқ-тың тергеу жүргізуге жауапты органы мен ішкі нарықты қорғау департаменті арасындағы құзыреттер жекеленіп бөлінеді», - дейді заң жобасы бойынша баяндаған Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев.
Оның айтуынша, хаттаманы қабылдау ДСҰ нормаларын ескере отырып, Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында отандық өндірушілерді қолдау және ішкі нарықта тең бәсекелестік жағдай жасау мақсатында бірыңғай шараларды толығымен қолдануға рұқсат етілген. Хаттаманы Беларусь тарапы қабылдаған, ал Ресей Думасында құжат әлі қаралып жатыр.
Мәжіліс аталған конвенцияны мақұлдап, құжатты Сенатқа жолдаған болатын.