Дубай – Астана рейсі белгісіз себептермен кешігіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Air Astana әуе компаниясының Дубай – Астана бағыты бойынша ұшатын №206 рейсі белгісіз себеппен әуежайда қаңтарылып, ұша алмай тұр.  

Дубай – Астана рейсі 2,5 сағаттан астам уақытқа кешікті
Фото: Kazinform

Жолаушылардың айтуынша, рейстің кешігуіне қарамастан, олар ұшаққа отырғызылған. Алайда ұшақ уақытында ұшпаған: жолаушылар шамамен бір жарым сағат бойы бортта қамалып, жоғары температурада отыруға мәжбүр болған.

Дубай – Астана рейсі 2,5 сағаттан астам уақытқа кешікті
Фото: Kazinform

Нәтижесінде жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезінген. Осы жағдайға байланысты экипаж барлық жолаушыларды Дубай әуежайының ғимаратына қайта шығаруға шешім қабылдаған.

Қазіргі таңда жолаушыларға әрі қарай не болатыны туралы нақты ақпарат берілген жоқ.

Air Astana компаниясы бұл жағдайға байланысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Рейс жергілікті уақытпен 02:00-ге қалдырылғаны белгілі болды. Жолаушылар қайтадан қонақ үйге жеткізілді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Таяу Шығыста атыстың тоқтатылуына байланысты Air Astana әуе компаниясы Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп, осы өңірге ұшуды қайта бастайтынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар