Дубай әуежайына шабуыл жасалды
АСТАНА. KAZINFORM — Шабуыл салдарынан Дубай халықаралық әуежайының (DXB) демалыс бөлмесіне аздап зақым келді, бірақ бұл мәселе тез арада қалыпқа келтірілді.
Әуежай операторы Dubai Airports компаниясының мәліметінше, төрт қызметкер жарақат алып, оларға жедел медициналық көмек көрсетілген.
Dubai Airports confirms that a concourse at Dubai International (DXB) sustained minor damage in an incident, which was quickly contained. Emergency response teams were immediately deployed and are managing the situation in coordination with the relevant authorities. Four staff…
— Dubai Media Office (@DXBMediaOffice) February 28, 2026
— Оқиға орнына тиісті органдармен іс-қимылды үйлестіретін шұғыл әрекет ету топтары жіберілді. Қолданыстағы апаттық жоспарларға сәйкес терминалдардың біразынан жолаушылар шығарылды, — делінген компания таратқан хабарламада.
Осыған дейін Дубай әуежайлары белгісіз мерзімге жұмысын тоқтатқаны туралы жазған болатынбыз.