Дубай әуежайында әлемдегі алғашқы ЖИ-дәлізі ашылды
АСТАНА. KAZINFORM — Дубай халықаралық әуежайы (DXB) әлемдегі алғашқы жасанды интеллект (ЖИ) технологиясына негізделген дәлізді іске қосты, деп жазады АЗЕРТАДЖ.

Бұл жүйе жолаушыларға құжат көрсетпей және тоқтамай-ақ иммиграциялық бақылаудан өтуге мүмкіндік береді.
Жасанды интеллект жүйесі бір уақытта он адамға дейін қызмет көрсетіп, жолаушыларды бақылау пункттеріне жетпей тұрып-ақ таниды, деп мәлімдеді Дубайдың бас резидентура және шетелдіктер істері жөніндегі бас басқармасының (GDRFA) бас директоры, генерал-лейтенант Мұхаммед Ахмед Әл Марри.
Жаңа жасанды интеллект дәлізі рәсімдерді жылдамдату арқылы әуежайдың өткізу қабілетін екі есеге арттырады. Сондай-ақ, жүйе заң бұзушылықтарды анықтап, күдікті паспорттарды тиісті бөлімнің сарапшыларына тікелей бағыттайды.
Дубай әуежайы 2024 жылы халықаралық жолаушылар ағыны бойынша әлемдегі ең жолаушы көп қабылдайтын әуежай мәртебесін сақтап қалды. Жетілдірілген технологиялардың енгізілуі күту уақытын қысқартып, жұрттың көп жиналуын болдырмай, барлық жолаушылар үшін процедураларды ыңғайлы және жылдам өткізуге мүмкіндік береді.
Осыған дейін Дубайда әлемдегі ең биік метро станциясы салынатыны хабарланған еді.