Дубай әуежайлары белгісіз мерзімге жұмысын тоқтатты
АСТАНА. KAZINFORM — Дубайдың халықаралық әуежайлары — Dubai International Airport (DXB) және Al Maktoum International Airport (DWC) Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты белгісіз мерзімге жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Dubai Airports компания-операторының мәлімдеуінше, барлық рейс қосымша хабарламаға дейін уақытша тоқтатылған.
— Жолаушыларға әуежайға келмеу ұсынылады. Олар рейстер туралы өзекті ақпарат алу үшін әуе компанияларымен тікелей байланысуы тиіс, — делінген ресми хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Таяу Шығыстағы алты елдің әуе кеңістігіне ұшуға толық тыйым енгізген болатын.
Таяу Шығыс бағытындағы рейстерді тоқтатқан әлемдік әуе компаниялары туралы толығырақ бөлек материалдан оқи аласыз.