Дубай турнирі: Елена Рыбакина өткен жылғы нәтижесін жақсарта ала ма

АСТАНА. KAZINFORM — Дубай қаласында бүгін WTA 1000 турнирі басталды.

Елена Рыбакина
Фото: ҚТФ

Аталмыш жарыста Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина бақ сынайды.
Доданы екінші айналымнан бастайтын қазақстандық теннисші әлемнің 54-ракеткасы, германиялық Татьяна Мария немесе рейтингіде 96-орындағы аустралиялық Кимберли Биррелдің қай жеңгенімен ойнайды.

Өткен жылы Дубайда Е.Рыбакина жартылай финалға дейін жетіп, онда ресейлік Мирра Андрееваға 4:6, 6:4, 3:6 есебімен жол берген еді. Кейін М.Андреева үздік шықты.

Биыл әлемнің бірінші және екінші ракеткалары, белоруссиялық Арина Соболенко мен Польша өкілі жарысқа қатысудан бас тартты. Сондықтан Е.Рыбакина Дубайда бірінші ракетка ретінде тіркелді.

Қазақстандық теннисші өткен жылғы ұпайын қорғау үшін жартылай финалға дейін жетуі керек. Одан да сәтті өнер көрсетіп жатса, онда ұпай қорын толықтырады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Роттердам турнирінде финалға шығу үшін таласатынын жазған едік.

Сондай-ақ Анна Данилина Доха турнирінің чемпионы атанды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум