Дубайда әлемдегі ең биік қонақүй алғашқы меймандарын қабылдады
АСТАНА. KAZINFORM — Эмираттық The National басылымының хабарлауынша, Дубайда әлемдегі ең биік қонақүй — Ciel Dubai Marina ашылды, деп жазды Белта агенттігі.
Қонақүйдің биіктігі 377 метр, бұл басқа дубайлық қонақүй — Gevora Hotel биіктігінен 21 метрге жоғары. The National мәліметіне сәйкес, әлемдегі ең биік он қонақүйдің сегізі Дубайда орналасқан, соның ішінде әйгілі парус пішінді «Бурдж эль-Араб» қонақүйі де бар, оның шпилімен биіктігі 321 метр болса керек.
Бұған дейін ресейлік әйел Дубайдан туған еліне Van Cleef & Arpels брендінің зергерлік бұйымдарымен оралғанда, оны кеден қызметкерлері тоқтатқант болатын. Оны тіпті түрмеге жаба жаздады. Ол білезік пен ақ металдан жасалған, бриллиантпен әрленген сақина және қымбат алқа тағып келген болатын. Бұйымдардың жалпы құны 11,7 миллион рубльге бағаланған.
Қазан айында The World's 50 Best Hotels сыйлығының қазылар алқасы 2025 жылы әлемнің ең үздік 50 қонақүйін атаған. Топта көшбасшы болып Гонконгтағы Rosewood қонақүйі танылды.
Айта кетейік, Дубайда жасанды интеллектімен басқарылатын рельссіз трамвай таныстырылды.