Дубайда әлемдегі ең биік қонақүй ашылады

АСТАНА. KAZINFORM — Дубай 2025 жылғы қарашада тағы бір әлемдік рекордты жаңартпақ. Қалада биіктігі 377 метр болатын әлемдегі ең биік қонақүй есігін айқара ашады, деп хабарлайды Time Out Dubai.

Дубайда әлемдегі ең биік қонақүй ашылады
Фото: Time out Dubai

82 қабатты нысан Dubai Marina ауданында орналасқан. Ол қазіргі рекорд иегері — биіктігі 356 метрлік Gevora қонақүйін алмастырады.

Жаңа қонақүйде 1004 нөмір және шатырда пейзажды бассейн қарастырылған.

Сонымен қатар нысан Гиннестің рекордтар кітабына енуге ниетті. Ең биік пейзажды бассейн мен ең биік түнгі клуб аталымдарына өтінім берілген.

Бұған дейін Дубай әуежайы да жолаушыларға қызмет көрсету бойынша жаңа рекорд орнатқаны хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар