Дубайда алғаш рет ТМД-ның бес елі бірлесіп наурыз мерекесін тойлауда

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Бүгін Дубайдағы «Сафа-парк» саябағында «Наурыз мейрамы» ұлттық мерекесі тойлануда. Дубайдағы ҚР бас консулдығының бастамасымен алғаш рет Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан консулдық өкілдерінің қатысуымен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
None
None

Дубайдағы ең көрікті жерлердің бірі «Бурдж Халифа» ғимаратының маңындағы «Сафа-парк» аумағында бес елдің киіз үй қалашығы құрылды.

Көктем мерекесін тойлауға үш мыңнан астам БАӘ-де тұрақты және уақытша тұратын қазақстандықтар мен басқа да елдердің азаматтары жиналды.

Іс-шараны ашқан Дубайдағы және БАӘ солтүстік әмірлігіндегі ҚР бас консулы Асқар Шоқыбаев жиналған қауымды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады, бұл мереке Қазақстанда бірлік, ынтымақ, төзімділік, тұрақтылық мерекесі саналатынын атап өтті.

Қазақстандық консулдың құттықтауынан кейін, мерекелік бағдарлама жалғасын тапты. Мұнда ұлттық би билеп, ән шырқаған қазақ диаспорасының балалар ұжымдары өнер көрсетті. Мереке қонақтары қазақтың ұлттық тағамдары мен дәстүрлі наурыз көжеден дәм татты.

Соңғы жаңалықтар