Дубайда ұшқышсыз басқарылатын дрондардың әлемдегі тұңғыш жарысы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Наурыз айында Дубайда ұшқышсыз басқарылатын дрондардың тарихтағы алғашқы жарыстары өткізіледі. Жарыс жеңімпазына 250 мың доллар көлеміндегі сома беріледі.

Дубайда ұшқышсыз басқарылатын дрондардың әлемдегі тұңғыш жарысы өтеді

Жарыстың іріктеу кезеңі 7 және 8 наурыз күндері өтеді. Оның қорытындылары бойынша, 100 команданың ішінен үздік 32-сі іріктеледі. Олар 11 және 12 наурыз күндері бірінші орын үшін таласады, деп хабарлайды Engadjet басылымы.

Бәсеке кезінде дрондардың жылдамдығы сағатына 100 шақырымнан асатыны жоспарланып отыр.

Бұлардың промо-ролигінде McLaren маркалы жарыс автомобилі мен бала басқарып отырған ұшқышсыз құралдың арасындағы жылдамдық бәсекесі көрсетілген, деп хабарлайды russian.rt.com.