11:18, 19 Қазан 2025 | GMT +5
Дубайда жасанды интеллектімен басқарылатын рельссіз трамвай таныстырылды
АСТАНА. KAZINFORM – Дубай жолдар және көлік басқармасы әмірлікте өткен жаһандық технологиялық көрмеде жасанды интеллект жүйесімен жабдықталған рельссіз трамвайды таныстырды, деп хабарлайды БЕЛТА.
- Жаңа көлік түрі теміржол инфрақұрылымынсыз белгіленген бағыттармен автономды түрде жүре алады, - деп жазады Tabnak басылымы.
Мұндай трамвайды пайдалану жолдағы көлік кептелісін азайтып, қалалық өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Рельссіз трамвай – көрмеде таныстырылған зияткерлік көліктің 11 жобасының бірі. Бұл инновациялар Дубайдың қалалық көлік саласында озық технологияларды дамытуға деген ұмтылысын көрсетеді.
Айта кетейік, биыл қараша айында Дубай әлемдегі ең биік қонақүйді ашу арқылы тағы бір әлемдік рекорд орнатпақ.