Дубайдағы АҚШ консулдығы маңынан өрт шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Дубайдағы АҚШ консулдығы маңында тұтанған өрт ауыздықталды, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Report.

Дубайдағы АҚШ консулдығы маңынан өрт шықты
Фото: Report

Бұл туралы ең алдымен Дубай үкіметінің баспасөз қызметі X басылымында жарияланған. 

Мәлімдемеге сәйкес, өрт дипломатиялық өкілдік маңындағы ұшқышсыз ұшақтың соққысынан шыққан.

— Өрт сәтті ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 1 наурыз күні Біріккен Араб Әмірліктерінің Джебель-Али портындағы айлақтардың біріне құлаған зымыранның қалдықтарынан өрт шықты. Зардап шеккендер жоқ. Сол күні Дубай әуежайына да шабуыл жасалды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум