Дубайдағы Бурж Халифа ғимаратында Қазақстан туы бейнеленді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің ең биік ғимараты Дубай қаласындағы Бурж Халифа қасбетінде Қазақстан туы бейнеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бурдж-Халифа Қазақстанның Тәуелсіздік күні құрметіне жағылады. Ел халқына гүлдену мен бейбітшілік тілейміз», - деп құттықтады Бурдж-Халифа ғимаратының ресми парақшасы Instagram желісінде.

Сондай-ақ бұл жазбада Қазақстан әнұраны қоса шырқалады.

Айта кетейік, «Бурдж Халифа» мұнарасы Дубайда орналасқан (БАӘ). Биіктігі – 828 метр, 163 қабатты. Әлемдегі ең биік және ең көпқабатты ғимарат.

Бұған дейін де Бурдж-Халифада Республикасы күніне орай Қазақстан туы бейнеленген болатын.


Видеодан алынған кадр