Дубайдағы «Қазақстанда жасалған» акциясында еліміздің тамақ өнеркәсібі саласындағы ұлттық жетістіктері паш етілмек

Шараның мақсаты - Қазақстанның тамақ өнеркәсібі саласындағы ұлттық жетістіктерін паш ету және қазақстандық азық-түлік тауарларын өндірушілер мен әмірліктің ірі ритейлерлері арасында тікелей байланыстар орнату.
Шараның өткізілуін Қазақстанның тамақ өнеркәсібі саласындағы 20-ға жуық алдыңғы қатарлы өндірушілер қолдады, олардың ішінде «Рахат» кондитер фабрикасы, «Цесна-Астық» концерні, «Сұлтан» макарон фабрикасы, «Маслодел», «Батыс продукт», «Агропродукт», «Марсель», «IBS Group» және т.б. бар. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров өз аймағының делегациясын басқарды, оның құрамына жеті азық-түлік компаниялары кіреді, атап айтқанда «Мамлют ұн тарту комбинаты», «Зенченко и К» ЖШС, «Пасека Қызылжар» ЖШС бар. Айта кетейік, бүгінгі таңда «LuLu» азық-түлік желісінің БАӘ-дегі бөлшек саудадағы үлесі - 35 %, ал Таяу Шығыстағы үлесі - 32 %-ды құрайды. Оның қызметкерлерінің саны 30 мыңнан асады. 2014 жылы «Deloitte» халықаралық зерттеу компаниясы «LuLu» желісін әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан 50 желінің рейтингісіне қосқан еді.