Дубайдан Тель-Авивке ұшқан лайнерде не болды: жолаушылар оқиғаны баяндады
АСТАНА. KAZINFORM — Дубайдан Тель-Авивке бағыт алған Flydubai әуе компаниясының ұшағында болған оқиғаның видеокадрлары жарияланды. Жолаушылар әуе кемесінің бортында не болғанын және ықтимал апаттың қалай алдын алғанын баяндады. Бұл туралы DW хабарлады.
Жарияланған видеода жолаушылардың бірі ұшақтағы шабуыл жасаған адамның ұсталғанын және әуе кемесінің жақын арада қонатынын айтқан.
— Қазір біз ұшақтың бортындамыз. Террористерді залалсыздандырдық. Жақында қонамыз. Мені естіп тұрғандардың барлығынан көмек сұраймыз, — дейді жолаушы.
Тағы бір жолаушының айтуынша, ұшақ кенеттен күрт төмендеп, артынша қайтадан биіктікке көтерілген. Сол сәтте борттағы адамдар не болып жатқанын түсінбей қалған.
Another video clip taken by a passenger aboard the flydubai flight from Dubai to Tel Aviv shows the plane taking a rapid plunge. According to flight tracking data, the plane dropped more than 14,000 feet in under 30 seconds. https://t.co/wtiqBYhEw1
— Emanuel (Mannie) Fabian (@manniefabian) September 30, 2026
Оның сөзінше, жолаушылар абдырап, үрейленген. Ал бортсеріктер салон ішінде ары-бері жүгіріп жүрген. Ұшақ қатты шайқалған. Кейін жолаушылар арасында болған оқиға туралы түрлі әңгіме тарай бастаған. Бастапқыда олардың ешқайсысы мұны теракт болуы мүмкін деп ойламаған.
Дубайдан Тель-Авивке бағыт алған әуе кемесін Оман мен Біріккен Араб Әмірліктерінен шыққан ұшқыштар басқарған.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың мәлімдеуінше, борттағы екі ұшқыштың бірі екіншісін пышақтап, кейін ұшақты тік құлдилауға бағыттап, апатқа ұшыратпақ болған.
Prime Minister Benjamin Netanyahu at his Ben-Gurion International Airport meeting with Yaniv Hayun, the passenger who broke into the cockpit on the flight from Dubai to Israel: “You are a hero. You deserve a global medal of honor.” https://t.co/STHcb99B7I
— Prime Minister of Israel (@IsraeliPM) September 30, 2026
Кабинадағы қақтығысты жолаушылар мен әуе кемесінің бортында болған қосалқы экипаж ұшқыштарының көмегімен тоқтату мүмкін болған.
Нетаньяху олардың ерлігін атап өтіп, көптеген адамның өмірін сақтап, ірі апаттың алдын алғанын мәлімдеді.
My salute to the Indian pilot Captain Smit Machchhar for his extraordinary bravery. Despite being stabbed and seriously injured, he fought back, resisted, opened the cockpit door, and enabled passengers and crew to overpower the attacker — preventing a catastrophic mid-air disaster. He saved the lives of 174 people, including Israeli citizens and other nationals. I wish Captain Machchhar a speedy and full recovery. He is a true hero.
— Benjamin Netanyahu - בנימין נתניהו (@netanyahu) September 30, 2026
Ұшақ Сауд Арабиясындағы әуежайлардың біріне сәтті қонды. Бортта болған 180 адамның барлығы аман.
Бұған дейін Дубайдан Тель-Авивке бағыт алған ұшақтың апаттық сигнал бергені және Израильдің әуеге жойғыш ұшақтарын көтергені хабарланған еді. Кейін осы рейстегі ұшқыштардың кабинада төбелескені туралы ақпарат тарады.