Шерзат ісі: сотта дүкен камерасына түскен оқиғаның толық бейнежазбасы көрсетілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот отырысы өтіп жатыр.

сот
Фото: Жоғарғы сот

Сотта «Қамажай» дүкенінің бейнекамералары түсіріп алған оқиғаның толық бейнежазбасы көрсетілді. Бейнежазба бойынша мемлекеттік айыптаушы, жәбірленушілердің қорғаушылары және сотталушылардың адвокаттары сотқа өз ескертпелерін айтты.

Шерзат ісі бойынша
Фото: видеодан алынған скрин

Бейнежазбада Дархан Әскентайдың дүкенге келген сәтінен бастап жанжал аяқталған соң, Қаржаубай Нұрымовтың көлікке отырғанға дейінгі сәт бейнекамера ракурсы бойынша көрсетілген.

Судья Ержан Жанұзақов бейнежазба көрсетілгеннен кейін үзіліс жариялады. Келесі сот отырысы 15 мамыр күні сағат 10:00-де өтеді.

Еске салайық, бүгін сотта айыпталушы Дархан Әскентайдан жауап алынды.

Сотталушы өзіне тағылған айыппен тағы да келіспеді.

Шерзат ісі бойынша
Фото: видеодан скрин

Сотталушылардың адвокаттары прокурорды ауыстыруды өтінді.

Сот прокурорды ауыстырудан бас тартты.

Бұған дейін прокурор оқиғаның толық хронологиясын баяндады.

Былтыр 4 қазан күні төбелестен 16 жастағы жасөпірім қайтыс болғанын жазған едік.

Шерзат ісі бойынша
Фото: видеодан скрин

2024 жылдың 12 қазанында қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады.

2024 жылдың желтоқсан айында Талғар маңында Шерзат ағасының денесі табылды.

 

Соңғы жаңалықтар