Дүние жүзінде Қытай қаруына сұраныс артуда

Қытай дүниежүзілік қару нарығында өз үлесін арттыруда. Бейжіңнің Түркияға 3,4 млрд доллар тұратын зымыран кешендерін сатуы туралы атышулы келісімінің артынша Қытайдың тек Ресейді ғана емес, сонымен қатар бірқатар батыс елдерін ығыстыруға әбден дайын екенін сарапшылар шындап айта бастады. Қытайдың өзі бірнеше жыл бұрын сатып алған жоғары технологиялар негізінде қаруды белсенді экспорттау фактісі ерекше қауіп тудырады.
None
None

Стокгольм халықаралық дүниежүзілік проблемаларды зерттеу институтының (SIPRI) мәліметтері бойынша, Қытайдың қару-жарақ экспортының көлемі 2008-2012 жылдар аралығында 162% -ға өскен. Нарық көлемі бойынша (5%) ол Ұлыбританияны қуып жетіп, дүниежүзінде бесінші орынға жайғасты. Ал, 2003-2007 жылдары сегізінші орында болатын. Соңғы бес жыл ішінде Қытай дүние жүзінің 37 еліне қару-жарақ жеткізді. Шет елдерде Қытайдың 2009 жылы жасалған (2011 жылы сатыла бастаған) Wing Loong ұшқышсыз ұшағы өте танымал болып отыр. Тұтынушыларды оның Америка және Израильдің осындай ұшқышсыз ұшағынан едәуір арзандығы қызықтырады. Құны - 1 млн доллар.

Қытай Ресейдің өкшесін басып келеді. «Қытай, тіпті, Ресей үшін басты нарық болып табылатын Венесуэла, Алжир, Египет, Намибия, Судан, Индонезия елдерінде негізгі бәсекелеске айналды. Қытай өнімінің арзандығы, бірінші кезекте, Бангладеш, Нигерия және Танзания сияқты кедей елдері үшін маңызды болып отыр.

Соңғы жаңалықтар