Дүние жүзіндегі азық-түлік өнімдерінің бестен бір бөлігі қоқысқа кетеді

қоқыс
Фото: euronews.com

АСТАНА. KAZINFORM — Әлемде 800 миллионнан астам адам азық-түлік тапшылығынан зардап шегеді. Сонымен бірге, БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының мәліметі бойынша өндірілген азық-түлік пен азық-түлік қалдықтарының 19 пайызы қоқысқа кетеді.

Адамзат дүниежүзіндегі азық-түлік өндірісінің бестен бір бөлігін ысырап етеді. Бұл туралы БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының 2022 жылы жиналған деректерінде айтылған.

Қалдықтардың басым бөлігі (60%) үй шаруашылықтарынан шығады. Әр адам жыл сайын 79 келі тамақ немесе тамақ қалдықтарын тастайды.

Сарапшылар жер шарында сегіз жүз миллионға жуық адам азық-түлік тапшылығынан зардап шегетінін баса айтады.

Баяндама авторлары атап өткендей, азық-түлік қалдықтары жаһандық экономикаға зиянын тигізіп отыр әрі климаттың өзгеруіне, табиғи ортаның ластануына және бұзылуына ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар