«Дүниежүзі аруы-2014» байқауына Айдай Исаева ұлттық үлгіде тігілген киіммен шықпақ (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Дүниежүзі аруы-2014» байқауында Айдай Исаева көрермендердің алдына белгілі дизайнер Аида Қауменованың арнайы дайындап, тігілген ұлттық киім үлгісімен шығады.
None
None

Кешкі көрсетілімде Айдай Исаева Swarovski тастарымен бедерленген CoutureCollection-ның SherriHill ұсынған көйлегін киіп шықпақ.

Дәстүр бойынша, «Дүниежүзі аруы-2014» байқауының финалына үш апта қалғанда әлемнің түкпір-түкпірінен келген титулды сұлулардың бастары бірігеді. Қазір арулар қызу дайындық үстінде. Қайырымдылық жобаларға, фотосессияларға, ең үздік ұлттық костюм байқауына қатысып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Айдай Исаева 25 қаңтарда Майамиде (АҚШ) өтетін ең беделді сұлулық байқауларының бірі «Дүниежүзі аруы-2014» додасына Қазақстанның атынан қатысады. 25 жастағы Айдай Исаева С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің түлегі, қазіргі таңда Алматы қалалық №1 емханада отбасылық дәрігер болып қызмет етіп жүр. Байқауға қатысу үшін аруымыз бір айға ақысыз демалыс алды. Бірнеше ай бойы Айдай жаттығу залына барып, шетел тілдерін меңгеріп, байқауға барын салып дайындалды.

Әлемнің ең сұлу аруының аты 25 қаңтарда ақтық шоуда аталады. Әлемнің 200-ден аса елінде тікелей трансляция жүргізіледі. Жеңімпазға тәжді Венесуэлалық Габриэла Ислер тапсырады. Сондай-ақ таңдалған «Дүниежүзі аруы-2014» 2015 жылдың жазында Қазақстанға келіп, жыл сайынғы Опера балының жүргізушісі болмақ.

Соңғы жаңалықтар