Дүниежүзілік банк әлемде ашаршылық болады деп болжап отыр

МӘСКЕУ. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік банк мамандарының болжамдары бойынша, азық-түлік өнімдерінің қымбаттауы салдарынан әлемде миллиондаған адам ашаршылыққа ұшырауы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік банк өкілдері әлемдік азық-түлік дағдарысына арналған Мадридте өтіп жатқан саммитте мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Банк делегациялары мүшелерінің пікірінше, азық-түлік бағаларының тұрақсыздығы мен қаржы дағдарысының ұзаққа созылуы төнгелі отырған аштықтың басты себебі болып табылады. Дүниежүзілік банк қызметкерлерінің мәлім етуінше, әлем елдері үкіметтері қазіргідей әрекетсіз отыра берсе, оның салдары ауыр болады. «Мұқтаж жандардың қажетті көмектерді алатындығына сенімді болу үшін, көп істер атқару керек», дейді банк делегациясының өкілі.
Соңғы жаңалықтар