Дүниежүзілік бұғы шаруашылығы конгресі саланың дамуына тың серпін береді - ШҚО Бұғы шаруашылығы қауымдастығы

Конгресс ұйымдастырушылары Эбола вирусы өршіп тұрған Африка өкілінің форумға қатысуынан қауіптенбей ме деген журналистердің сұрағына Н. Тоқтаров нигериялыққа Қазақстанға келу оңайға соқпайтынын айтты. «Оған виза ресімдеу үшін біздің ОАР немесе БАӘ-дағы қазақстандық консулдыққа жүгінуді ұсындық, бұл құрлықта бұдан басқа біздің елдің консулдық өкілдігі жоқ, сондықтан бұл оңай шаруа емес, - деді облыстың бұғы өсірушісі.
Ол сондай-ақ нигериялық бизнесменді ШҚО-дан Африкаға бұғы етін жеткізу мүмкіндігі қызықтырғанын хабарлады.
Сонымен қатар, Нұрлан Тоқтаров Дүниежүзілік бұғы шаруашылығы форумы Қазақстанда алғаш рет өтетінін айтты. Оған Ресей, Швеция, Қытай, Тайвань, Канада мен жаңа Зеландия ғалымдары қатысатыны расталды.
«Жаңа Зеландияда 2 млн. бұғы үйірі бар, бұл сала оларда жақсы дамыған, мол тәжірибе мен тиімді технологияға ие. Үйренетініміз жетерлік. Бұғы шаруашылығына инвестиция үшін инвесторлар тарту, оған сауықтыру қызметтерін көрсету, компоненттер өндірісіне қатысты ынтымақтастыққа дайынбыз, деп атап өтті Н. Зейнеллаұлы.
Шығысқазақстандық бұғы өсірушілер елде өтетін Дүниежүзілік бұғы конгресі қазақстандық бұғы шаруашылығына қуатты серпін беретініне сенімді.